Отбасы хрестоматиясы ( @kitap.otbasy ) Instagram Profile

kitap.otbasy

Отбасы хрестоматиясы

  • 128 posts
  • 16.4k followers
  • 846 following

Отбасы хрестоматиясы Profile Information

Қалың мал беру дәстүрі
Адам атаны жаратқан соң Ұлық Алла оны пейішке кіргізді. Адам жәннатта жалғыз жүрмесін деп, Алла тағала оған жұп жаратуды ойлапты. Хауа ананы Адам атаның сол жақ бұғана сүйегінен жаратады. Ояу болса, бұғанасы ауырып, жанына батар. Қиналғаннан Хауаны жек көріп кетер. Ал, қалың ұйқыда жатқанда жаратсам, Хауаның қайдан жаралғанын білмей, жат көріп, суып кетуі мүмкін деп, әдейі ұйқылы-ояу халінде жаратты. Адам оянған соң, аппақ нұрдан жаралған жаулық астындағы сұлу әйелді көріп, оған көңілі ауады. Сосын Аллаға:
– Ия, Алла, бұл кім? – деп сұрайды. – Бұл – сенің жұбың. Мен оны сенің тәніңнен жараттым, – деп жауап береді. – Мына әйелге көңілім ауып тұр. Оны жақсы көріп қалдым. Оған үйленсем бола ма? – деп сұрайды. – Болады. Бірақ қалың малын төле, – депті. – Иә, Алла, мен оған қалың малын қалай төлеймін? Мендегі бар мүлік – өзіңдікі. Тіпті үстімдегі киімді де сен бердің, – дейді. Сонда Тәңірі тағала: – Ақырдың соңында шығатын сүйікті пайғамбарым, өзіңнің ұрпағың Мұхамбет пайғамбарға он рет салауат айт, – деді де, салауат айтудың үлгісін Адам атаға өзі үйретіпті. Адам ата он рет салауат айтып, қалың малын өтейді. Осыдан бастап ер адам үйленгенде келіншегіне ақы төлейтін дәстүр пайда болыпты. Ер адам сапалы топырақтан жаралғандықтан, қартайса да өңін бермейді екен. Әйел адам еттен жаралғандықтан, боянып күтінбесе, ажары ерте таятын болыпты.
#қалыңмал
#otbasyhrestomatiasy
#отбасыхрестоматиясы

168 7 22 hours ago

Сары кітаптар телеарнадан жарқ ете қалды.
#отбасыхрестоматиясы
#otbasyhrestomatiasy

Сары кітаптар телеарнадан жарқ ете қалды. 
#отбасыхрестоматиясы 
#otbasyhrestomatiasy
87 8 19 January, 2019

Полиграфкомбинаттан "Махаббаттың мәнін" шығарып жатқан кез еді. Жүк тасушы жігіттің бірі кітапқа жабыса кетпесі бар ма? - Ер жігіттің бақытты өмір сүруі - адал жарға тәуелді. Тапқан несібеңді шашып, тасытпай, ұрпағыңды жасытпай өсіретін әйелің. Сондықтан жар таңдау ісінде қателеспеу керек. Ішкі түйсігім алдамаса мына кітап адал махаббат пен адал жар таңдауға көмектесетін сияқты. Маған бір кітап беріңіз, - деп, сиясы кеппеген бір кітапты қораптың ішінен алтын балықтай жалт-жұлт еткізіп, суырып алды. "Махаббаттың мәнінің" ең алғашқы оқырманы осы жігіт шығар деп ойлаймын.
#отбасыхрестоматиясы
#otbasyhrestomatiasy
#махаббаттыңмәні

198 1 19 January, 2019

Өткенде бір журналист жігіт бүй деп сұрады: "Кітап оқуға ынтамды қалай оятсам болады? Қолыма кітап ұстасам болды ұйқым келеді" деді.
Мен былай дедім: "Қолыңа "Өмірге ғашық болуды" ал! Бірінші бетін аш! Лезде ұйқың қашып, келмеске кетеді. Оқиғасы магниттей тартып, соңына жеткенше саған тыным бермейді. Жүрегіңді ғажап бір күй шымырлатып, ләззатқа бөлейді. Не қарның ашпайды, бірақ бірнәрсе жегің келіп, жерік әйелдей делсал күйге түсесің. Миыңа сансыз сұрақ пен сансыз жауап шабуылдап, тасты жарып шыққан голландық раушан гүліндей бойыңа ерекше қуат бітіреді. Қаның қызып, алпыс екі тамырыңды қуалағанда жүрегің дүрс-дүрс етіп, Ниагара сарқырамасындай буырқанады. Төрткүл дүниені төңкеріп, Гималай тауларын теңселтіп, Каспий теңізін тізеден кешіп, жаһанды жалпағынан басып кезіп кеткің келеді. Адамды осындай күйге түсіретін не күш, қалай ойлайсың? - дедім. Журналист жігіт "білмедім" деп басын шайқады.
"Ол - қайсар рух. "Өмірге ғашық болудың" бір құдіреті - қайсар рухыңды тірілтіп жібереді" дедім.
Содан әлгі журналистің кітап оқуға құлшынысы артқаны сонша мына суреттегі жігіттей көшеде, светофорда, магазинде, автобуста тұрып кітап оқитын хәлге жетіпті деседі. Ұйқысы баяғыда-ақ қашып кеткен.
#отбасыхрестоматиясы
#otbasyhrestomatiasy
#өміргеғашықболу

226 25 18 January, 2019

Бір күні Қызыр ата жолаушылап келе жатып Бақытты кездестіріп:
– Әй, Бақыт, мен ел ішін аралаймын, пенденің тілегін Құдайға жеткіземін. Бірақ, қай үйге кірсем де, жұрттың бәрі «бақыт кірсін», «бақытты болайық», «бақыт қайдасың» деп іздеп жатады. Жаббар Хақ сені Адамға серік болсын, өміріне көрік болсын деп жаратты. Шиш пайғамбар алғаш үй салғанда төріне жайғасып едің. Ел-жұрт «Ат аунаған жерде түк қалады, қонақ отырған жерде құт қалады» деп, саған қол жеткізу үшін қонақ шақырып, мейман күтуге таласатын еді. Бірақ өмірде бақытты жандар да көп, бақытсыз бейбақтар да жетерлік. Сен әркімнің қолына түсе бермейтін бір ғайып құсы сияқтысың. Тұрағыңды айтшы, жарқыным. Кімдерге қонасың, кімдерге бұйырмай кетіп қаласың? – дейді. Бақыт:
– Сұрағың орынды, Қызыр баба, – деп әдеппен тағзым етеді. – Мен, ең алдымен, ісінің берекесі жоқ, сөзінің келекесі көп адамға дарымаймын. Ата-анасын сыйламайтын, оларға қызмет қылып, жандарын қинамайтын надандармен де жұлдызым қарсы. Есірік ұл мен кесапат қыздан, ата-енесін күтпеген келіннен алпыс қадам аулақ жүремін. Әсіресе, Аллаға зікір айтпайтын, иманын дұшпаннан қорымайтын, көрші ақысын жеуден қорықпайтын жандармен Құдай жолымды түйістірмесін деп күніне сан мәрте дұға қыламын, – депті. Қызыр ата тағы да:
– Ал қайда тұрақтайсың? Кімнің шаңырағына шаттық бітіресің, кімнің басына бақ болып бітесің? – деп сұрайды. Бақыт іркілместен:
– Менің ең жақсы көретінім – ата-анасына құрақ ұшып қызмет ететін, бірлік пен ынтымақты ырыс деп ұғатын жандар. Өзгені күндеуден, кісіні мінеуден аулақ момындарды іздеп жүрем. Алланың есімін жаттаған, адалдан басқа татпаған ақжүрек жандармен жылдам жұғысамын. Сахар тұрып, сәресі ішіп, ораза ұстайтын тақуамен тез тіл табысамын. Бейбітшілік пен берекені ту еткен кісілермен тіл қатыспай-ақ ұғысамын, – деген екен. Қызыр ата шаттанып:
– Ендеше сен қонған жанға мен де даримын, – дейді. «Бақ қонып, Қызыр дарыған» деген сөз осыдан қалған екен деседі.

263 9 18 January, 2019

Марқұм Дидахмет Әшімхан бүй деп еді. "Ыбырай Алтынсариннің қазақ балаларына арнап шығарған хрестоматиясынан кейін бала ұғымына жұғымды бір энциклопедия болса, ол «Әлдиден эпосқа дейін» шығар".

77 5 18 January, 2019

Суреттегі Сара есімді келіншектің күйеуі АҚШ-қа оқуға түседі. Бір айдан соң күйеуінің артынан келіншегі үш баласын ертіп бармақшы болады. Әрине, бөгде ел, жат мәдениет, ұзақ уақыттай сонда тұруға мәжбүрсің. Бірақ әйел ақылды екен. Жолға жиналып жатқанда "Отбасы хрестоматиясының" 8 кітабын салып алыпты. "Күндіз балаларым мектепте, балабақшада ағылшынша сөйлейді, солардың мәдениетін үйренеді. Бірақ кешке үйге келгенде 2 сағат қиссалар оқып беріп, қазақы иммунитетін көтеріп қоямын" дейді.
Осылайша сары кітаптар шар тарапты кезіп жүр екен.

245 5 18 January, 2019

Қисса туралы мәлімет

Қисса туралы мәлімет
58 1 17 January, 2019

Ыбырайым пайғамбар келген қонақтың алдына нан мен тұз қояды екен. Бірде дастарханда тұрған тұзы төгіліп кетеді. Пайғамбар дереу төгілген тұзды тере бастайды. Қонағы:
Ештеме етпейді. Несіне сонша әуре болдыңыз? – дейді.
– Ұлық Алла жеті берекенің бірін тұзға жасырған. «Берекемді шашып алмайын» деп теріп жатырмын, – дейді. Қонақ пайғамбарға риза болып, тұзды бірге терісіпті.
Осыдан бастап ел арасында «тұзды төкпе, шашпа» деген тыйым шығыпты. Тұз төгілсе, несібе азаяды, ырыс кемиді деп сенеді. Кей жерлерде тұз төгілсе, оның үстіне қант себеді. Онысы тұзым қатты болмасын, тәтті болсын деген ниеттен туған екен.
Әлі күнге дейін қазақ арасында үйде тұз таусылып қалса, көршілер бір-бірінен сұрамауға тырысады, алған күнде де үйдің бұрышына бір түйірін шашып кетеді.
#otbasyhrestomatiasy
#отбасыхрестоматиясы
#kitap

425 24 17 January, 2019

Ертеде жылқы:
– Иә, Алла мені ең сұлу жануар дейді. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да сұлу етіп жасап берсең! – деп Аллаға арыз айтады.
– Не керек? – дейді Алла.
– Сирақтарым бұдан да ұзындау және сидаңдау болса, шашасына шаң жұқпайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, бұдан да асқан көрікті болар едім. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар едім. Жотамда алынбайтын мәңгі ер болса. Себебі адамды алып жүремін, – депті.
– Болсын! – дегенде жерге «дүңк» етіп түйе түседі. Арбиған түйені көргенде жылқы «селк» ете қалады.
– Ұзын да сидаң аяқ, аққу мойын, жалпақ кеуде, арқасында ері бар жануар осы болар. Осындай болғың келе ме? – дейді Алла тағала.
– Жоқ-жоқ… – дейді жылқы тілі күрмеліп.
– Ендеше Мен жаратқан мүсініңе риза бол, – дейді Алла.
Содан бері жылқы малы түйені көрсе, денесі «дір» ете қалады екен.
#otbasyhrestomatiasy
#отбасыхрестоматиясы
#салтдәстүрсөйлейді
#кітапоқиық

529 15 16 January, 2019

Адам ата мен Хауа ана ертеде етті пісіруді білмей шикідей жепті. Бірде Адам аңға шыққанда нөсер болып, найзағай ойнайды. Орманға жай түсіп, өрт болады. Өрт өшкен соң, Адам ата отқа күйген бұғыға тап болады. Жебірейіл:
– Бұғының еті – сенің ырыздығың. Ұлық Алла сені жердегі тіршілікке бейімдеп жатыр. Етті отқа пісіріп жейсіңдер, – дейді.
Адам бұғының етін жеп көреді. Піскен ет жұмсақ екен. Еттен кесіп алып, үйіне қайтады. Жолда қарны ашып, тағы да ет жегісі келеді. Бір жапырақ етті ала бергенде, Жебірейіл қолынан қағып жібереді. Ет «сылп» етіп сортаң жерге түседі. Адам етті қайта алып, жеп көрсе дәмді боп кетіпті. Жебірейіл:
– Адам бұл да Алланың нығметі. Ет жаңа сорға емес, тұзға түсті. Дәмін кіргізген сол тұз. Бұдан былай етті тұздап же, – деді.
Адам ата дорбасын тұзға толтырып, үйіне келді. Тұзбен піскен етті Хауа ана да ұнатады. Осыдан бастап етті тұздап, пісіріп жеу дәстүрге еніпті.
#otbasyhrestomatiasy #отбасыхрестоматиясы
#kitapotbasy

270 6 16 January, 2019

Ұлық Алла барлық жан-жануарларды жаратып, оларға бүйрек үлестіріпті. Жайбасар сиыр кешігіп, соңынан келеді. Келсе бүйрек қалмапты. Сиыр:
– Бүйрексіз қайтіп күн көремін! – деп, өкіріп жылайды. Сиырдың көз жасын көрген басқа жануарлар оған жаны ашып, қарап тұрады. Сиыр:
– Бүйректерің бар ғой, бөліссеңдерші, – депті. Оған жаны ашыған жылқы, түйе, қой т.б. жануарлар сиырға өз бүйректерінен аз-аздан бөліп береді. Сиырдың бүйрегі сондықтан да бұжыр-бұжыр, біркелкі емес. Сиырдың қилы-қилы мінездері осы қырық құрау бүйрегіне байланысты екен.

300 10 15 January, 2019