Search Hashtag & User

#жүрек Instagram Story & Photos & Videos

жүрек - 12.3k posts

Latest #жүрек Posts

  • Өмір мені мұңдарменен қоршаған
    Әрі асалмай келем әлі арманнан!
    Сезім күтіп жүремін мен әрдайым
    Маған деген сезімі жоқ жандардан!

    Қина мені – жүрегімді жарала,
    Мұңға толы жанарыма қарама.
    Менің мұңлы жүрегімді қайтесің
    Басқа жанның жүрегін сен панала!

    Мұңға салғын, тіпті құлат құздардан
    Жүрегімді емдемегін сыздаған.
    Басқа жанды жылыта бер қайтесің
    Жылытпай-ақ,
    Мына, менің жүрегімді мұздаған!

    Жүрек байғұс шерленіп бір ән салған
    Құлағың жап! Ол әнімді тыңдаман!
    Қиналтпасын, қиналтпасын сені еш
    Қос жанарым бағы тайып, мұң шалған!

    Мұң жырларым қалмасын сенде жатталып
    Мені іздеме – өткен күнді ақтарып!
    Көмек қолын ұсынбай-ақ қой маған
    Күйреуіме тұрсадағы шақ қалып!

    Сұрлы өмірдің сұр жебесін ат маған
    Сезімменен ойнау әсте жат маған!
    Шын сезімді сен қабылдай алмасаң
    Кезекті бір мұңды сыйлап кет маған!

    Шын сүйгенмін, жүрекпенен өзіңді
    Арнай алсаң сенде адал сезімді.
    Қолыңды бер бір болайық екеуміз
    Мәңгі бірге өткізейік өмірді!

    Мұңдар бітсін, жайдары жаз ашылсын
    Жанарыма бақыт нұры шашылсын!
    Егер менің сезімімді құп алсаң
    Сенің сөзің мұңдарымды қашырсын!
    Алдымыздан ақ болашақ ашылсын!!!
    .
    #асуарман #жүрек #болашақ #күн #мəңгілік #сөз #мұң #қуану #жанар #сезім #өмір #лəззаттəжібайқызы

  •  22  0 10 hours ago
  • "Адамның денесінде бір кесек ет бар, егер ол дұрыс болса, бүкіл дене мүшелері дұрыс болады. Егер ол жаман болса, бүкіл дене жаман болады. Ол - жүрек!" Хадис.
    Сол жүректі қазақ "көкірек сарайы" дейді, жүректің көзін - "көкірек көзі" дейді, жүрегі соқырды - "көкірегі көр" дейді. Сол жүрек - әуелде тап-таза, кейін қиянаттан кірлейді, күнәдан қараяды. Ішінде иман, мейірім болса жұп-жұмсақ, мейірім кетсе, иман кетсе тастан да қатты болып қалады.
    Таудағы тасты суық тамшы да тесуі мүмкін, немесе арасынан бұлақтар жарып шығуы мүмкін, жүрегі тастай қатты адамдардың тасжүрегін жып-жылы көздің жасы да жібіте алмайды.
    Жүректі образды түрде сарай дедік қой. Сарайдың есік терезесі ашық-шашық тұрса, тез кірлейді. Жүректің есік терезесі - КӨЗ бен ҚҰЛАҚ, және АУЫЗ!
    КӨЗіңмен ұятсыз сурет, бейне, бөтен әйелге, яғни, харамға қарау - жүректі кірлетеді!
    ҚҰЛАҚты сақтамау, өсек-аяң, өтірік, жала, ғайбат, харам музыка тыңдау - жүректі қарайтады.
    АУЫЗыңа келгенді сөйлей беру, күлдіру, мазақтау, қорлау, ғайбаттау, мақтану - жүректі қатайтады.
    Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін! Көз 🙈, құлақ 🙉, ауызға 🙊 абай болыңыздар!
    #жүрек #иман #салауат

  •  10  0 18 hours ago
  • Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,
    Өмір, өмір! Болмайды түңілуге,
    Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
    Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге..🌸
    #жүрек #қайғы #мұң #ақпенқара
  • Өкінбе, өкпелеме бүгініңе, 
Өмір, өмір! Болмайды түңілуге, 
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге, 
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге..🌸
#жүрек#қайғы#мұң#ақпенқара
  •  25  0 22 hours ago